Сұрақтар мен жауаптар
Жарнамалық материал» арнайы белгісімен жарияланатын жарнамалық материалдарда жалған деректер, жала, бәсекелес компаниялардың беделін түсіру болмауы тиіс. Сондай-ақ Қазақстан мемлекеттік органдары өкілдерінің (Президент, Парламент палаталарының спикерлері мен депутаттары, премьер-министр мен министрлер, Бас хатшы, Жоғарғы сот төрағасы және мемлекеттік ведомстволардың басқа да өкілдері) суреттері және оларды атап көрсету жазбаша келісімінсіз жол берілмейді. Егер материалда қандай да бір оқиға сипатталса, бұл оқиға өзекті болуы керек (сайтқа материал шығарылғанға дейін 1 (бір) күннен асып кетпеуі керек). Сондықтан оқиға баяндалатын материалға дейін бір тәуліктен асып кетпеу керек, имидждік материал үшін бір аптадан аспайтын шектеулер қойылады.
Жарнамалық материалдарда басқа адамдардың суреттерін пайдалануға олардың келісімінсіз жол берілмейді. Фотосуреттер мен бейне роликтердің мазмұны материалдың тақырыбына сәйкес келуі керек.
Материалдың стилі баяндамалық, іскерлік, жаңалық ретінде болуы тиіс. Жанры репортаж, мақала. Сайт редакциясы себептерін түсіндірусіз жариялаудан бас тарту құқығын өз тарапына қалдырады.
Егер сіздің материалыңыз таңертең (сағат 11:00-ге дейін) жоспарланған болса, онда мәтінді, фотосуретті және видеоны редакцияға бір күн алдын сағат 17:00-ден кешіктірмей жіберу керек.
Егер мәтін, фото және видео алдын-ала бекітілген уақытта жарияланатын болса (11:00-ден кейін), мәтіні, фото және видеосы жұмыс күндері материал жарияланғанға дейін 2 сағат бұрын, ал демалыс күндері материал шыққанға дейін 3 сағат алдын мақұлдануы қажет (қосымша жауапты менеджер арқылы демалыс және мереке күндері хабарласып білуге болады).
Күн сайын бізге көптеген жарнама беруші хабарласады, олар сайтта өздерінің іс-шаралары мен жобалары жайлы ақпараттарды ақылы түрде жариялағысы келеді. Бірақ біздің жаңалықтар лентасына барлығы бірдей қабылдана бермейді. Біз оқырмандарды құрметтейміз, сондықтан да күн сайын жарияланатын жарнама материалдарында шектік мөлшер бар.
Жарияланым редакция мүмкіндігіне байланысты ертерек болуы да мүмкін, бірақ бұл коммерциялық серіктестің міндетті шарты бола алмайды.
Біз жарнама беруші ұсынатын ақпараттың дұрыстығына кепілдік бере алмаймыз, сондықтан материалды арнайы белгілеу арқылы оқырманға оны орналастыру шарттары туралы ескерту біздің міндетіміз деп санаймыз.
Біздің сайттың өзіндік жазу стилі бар, оған біздің оқырмандар да үйренген, сондықтан да барлық материал сол талаптарға сай болуын қалаймыз. Жарнамалық материал болса да, бізбен ынтымақтастық барынша пайдалы болғанын қалаймыз, сондықтан тақырып сәтсіз болса, сайттың жанрына, стиліне, форматына сәйкес келмесе, мәтінді редакциялау құқығын өз тарапымызда қалдырамыз (мазмұнын сақтай отырып).
«Жарнамалық материал» деп белгіленген материалдардағы түсініктемелер әдетте өшіріледі. Алайда клиент өз қалауымен пікір қалдыру функциясын қосуға болады және жазылған комментарийлер өшірілмейді. Егер мұндай пікір қалдыру мүмкіндігі қажет болса, АЛДЫН АЛА ескертілуі керек.
Материалдағы символ саны арадағы бос орынды қоса алғанда 2 500 символдан аспауы қажет. Бұл оқиға мен іс-шараны жазып шығуға жеткілікті көлем саналады. Егер символ саны белгіленген көлемнен асатын болса прайс бойынша үстеме ақы төленеді. Материалда 5 фотодан көп болмауы керек, ал басты фотоның өлшемі 1280х720 болады.
Біз бұдан бөлек көлемді форматтағы материалдарды да ұсына аламыз – лонгрид, сұхбат, олардағы символ саны аралық бос орынды қоса алғанда 10 000-нан аспауы керек.
Сайт бетіне шығатын жарнамалық материалдың тақырыбы сөздер арасындағы бос орынмен қоса есептегенде 75 белгіден аспауы керек.
Жарыққа шыққан материалға түзету енгізу мүмкін емес. Сондықтан мәтін, сурет пен тақырыпты жарияламас бұрын жарнама беруші өз басшылығы жағынан толық келісілгенін қамтамасыз ету керек. Ал серіктес тапсырысымен редакция дайындаған материалға жарияланғанға дейін 3 рет түзету енгізе алады.
Материал сайтқа шыққаннан кейін, келісім бұзылып, тапсырыс беруші материалды алып тастауды сұраса арнайы айыппұл санкциялары бар. Бұндай жағдайда жарнама ақысынан екі есе көлемде айыппұл төлеу керек.
Иә, егер серіктес материал дайындауды тапсырысқа енгізсе іс-шараға журналист қатысады. Журналаст Алматы және Астана қаласында өтетін шараларға 2 сағаттан артық уақыт жұмсамауы тиіс. Ал өзге қалаларға бару келісім бойынша іске асады. Журналистің іс-шараға қатысуы прайс-листке сәйкес бөлек төленеді.
Сайтқа жарияланатын сұхбат құрылымының талаптары сайттағы өзге де материал талаптарымен бірдей.